Әлеумет

Кәсіпкер көмегі

Туған жерге тағзым

Шалқар қаласының Жұмысшылар қалашығында Ақтөбе облыстық «Іскер әйелдер» ұйымының Шалқар ауданы бойынша жетекшісі, кәсіпкер Сәуле Дәулеталинаның ұйытқы болуымен биыл бой көтерер құрылыстардың қазығы қағылды.

Атап айтсақ, Ерімбетов көшесінде «Аналарға тағзым» жобасы аясында 15 орындық емхана салынады, ал «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Тәжібаев көшесінде 100 орындық балабақша құрылысы басталмақ.

Аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің айтуынша, ауданда аталған жобалар шеңберінде бірнеше игі іс атқарылып жатыр. Мәселен, былтыр «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша жалпы құны 95,2 миллион теңге болатын 40 жоба іске асырылған. Нақтырақ айтсақ, жеке кәсіпкер Т.Әминовтың демеушілігімен Жылтыр елді мекенінде 25 орындық балабақша құрылысы, Б.Әуезхановтың демеушілігімен Тоғыз орта мектебіне спорт алаңы салынса, мектеп түлектерінің демеушілігімен мектептерге 32,9 миллион теңгенің құрал-жабдықтары алынған.

Биыл да осы жоба аясында Шалқар ауданында спорт алаңдары мен саябақтар салуға ұсыныстар түсіп жатыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша Қауылжыр елді мекенінде 50 орындық балабақша, Аққайтым елді мекенінде 150 орындық клуб құрылысы салынады деп жоспарланып отыр.

 Қ.ӘЛИН,

Шалқар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button